Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да 6000-нан астам жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияға қатысты

2017 жылдың 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы өткізілді.

Акция Мемлекет басшысынының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығын іске асыруды кең көлемде насихаттауға арналып М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өткізілді.

Шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ЖОО студенттері, жастар ұйымдарының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, БАҚ өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың мүшелері қатысты.

Аталған акция бір уақытта облыстағы 12 ауданда және облыс орталығы Орал қаласында жастардың қатысуымен өткізілді.

Акцияға қатысушылар алдында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов сөз сөйлеп, өз сөзінде «Парасыз болашаққа.Бірге!» акциясының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барша қоғамды жұмылдыру екендәігін атап, оның басты қатысушылары біздің жастарымыз екендігін атап өтті.

«Біздің облысымыздағы барлық ЖОО студенттері «Адал бол!» акциясына қосылды. Бұның өзі жастарымызда академиялық адалдық принципі орнығып жатырғандығын білдіреді. Қазіргі таңдағы жоғарғы бәсекелестік заманында білім берудің сапасын аталған принциптерді сақтамай көтеру мүмкін емес. Тек қана осындай оқу орындары ғана жастар ғана жоғарғы тәжірибелі, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеп дайындай алады. Тек осындай жастарымыз ғана өмірде жетістікке жете алады!» - деп нақтылады Департамент басшысы.

Сондай-ақ, акцияда қоғамдық ұйымдардың өкілдері, спортшылар сөз сөйледі. Өз кезегінде, акцияға қатысушылар: «Біз, акция қатысушылары, Батыс Қазақстан облысының студент жастары, жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенді жастары, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдай отырып, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанған ұрпақ ретінде, замандастарымызға төмендегіні мәлімдейміз!

Біз - еліміздің болашағымыз!Бізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Біздің міндетіміз –ел дамуына үлес қосу. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда!Біз өзіміздің елімізді жемқорлықтан таза елге айналдыра аламыз. Біздің болашағымызда жемқорлыққа жол жоқ!Мұны тек барлығымыз бірге жасай аламыз» – деп ұрандатты.

Облыстың 6000-нан астам жастары акцияға қосылып, флэшмоб өткізді. Өз кезегінде, акцияға қатысушылар қоғамды өмір бойы адалдық, ашықтық және әділдік принциптеріне сүйенуге шақырды.

     
0
0
422

Осы тақырып бойынша

БҚО-да 6000-нан астам жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияға қатысты - Yvision.kz