Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Орал қаласының блокпосттарына мониторинг жүргізуде

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы арнайы мониторинг тобы мен ақпараттық-насихаттық Штабының және «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен Орал қаласындағы Атырау қаласы бағытындағы блокпосттардың жұмысына мониторинг жүргізді.

Топ межелік бекеттердің жабдықталуын, бақылау аймақтарының жұмысын және қызмет көрсетуді сырттай қарап шықты.

Аталған жұмыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында жүргізілді.

«Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Салиеваның айтуынша, бүгінгі күні инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, жобалық кеңсемен блокпостардың жұмысына үнемі мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
270

Осы тақырып бойынша

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Орал қаласының блокпосттарына мониторинг жүргізуде - Yvision.kz