ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«БҚО білім беру ұйымдарында академиялық адалдық саясатын енгізу тәжірибесі»

2020 жылдың 27 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Білім беру ұйымдарында академиялық адалдық саясатын енгізу тәжірибесі» облыстық семинары өтті.

Шараға Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары М.Р.Мұқаев, облыстық ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ төрағасы Н.Қ.Жолдасқалиев, шетел мұғалімі Кристиан Сорилья, ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі С.С.Иргалиев, Білім басқармасы басшылығы, университет проректорлары мен колледж директорлары, оқу орындарының студенттері қатынасты.

Семинар аясында колледж студенттерімен байқаудың үздік суреттері мен эсселері дәліздерге таныстырылды. Алдағы уақытта аталған суреттерден мемлекеттік мекемелерде арнайы көрме ұйымдастыру ұсынылды.

Еске сала кететін жағдай, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 2019 жылдың желтосқан айында Агенттік төрағасының орынбасары Н.А.Шабдардың қатысуымен «Парасаттылық мектебі» ашылған болатын.

«Жаһанша» адалдық алаңы» жетекшісі Береке Орынбасар колледжде адалдықты қалыптастыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, замандастары бойында парасаттылықты қалыптастыруда бар үлестерін қосатынын атап өтті.

Академиялық адалдық қалыптастыру келесі семинар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жалғасын табатын болады.