БҚО ҚАЖ департаментінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» атты іс-шара өтті.

2015 жылдың 2 шілдесінде Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңеске ҚАЖ БҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары С.А.Изимов, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының өкілі С.Е.Тұрсынов, БҚО ІІД ӘПБ қызметкері Н.М.Лезов және ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО Департаменті (әрі қарай – Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Тулепкалиев қатысты.
Шара өту кезінде Департамент консультанты Е.Тулепкалиев «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары туралы анықтама берді.Сонымен қатар, басқа да қатысушылардыңбаяндамалары тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар-кеңесте қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, 1494call-center номерлері бар визиткалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылып, тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар,Агенттікдайындаған арнайы сауалнама толтырылды.

