Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б.Нұрымбетов зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚР Еңбекмині қандай тетіктерді әзірлейтіні туралы айтып берді.

Өз сөзінің басында министр Қазақстанда жыл сайын ынтымақты зейнетақы инфляция деңгейінен өсіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылы еңбек өтілін ескере отырып, базалық зейнетақы көбейтілді.

«Тиісінше, жыл сайын зейнетақы төлемдеріне бюджеттің шығыстары артып келеді. 2019 жылы республикалық бюджетте осы мақсаттарға 2,3 трлн теңге көзделген, бұл өткен жылдың деңгейінен 15%-ға жоғары. Жинақталған зейнетақыны есептемегенде, зейнетақы төлемдерімен кірістің жиынтық коэффициенті бүгінде 52,7% құрайды. Сонымен бірге зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданатын болады », - деді Біржан Нұрымбетов.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес, бизнеске жүктеменің бір мезгілде ұлғаюын болдырмау мақсатында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен қатар, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының 5 пайызын енгізу 2023 жылға дейін кейінге қалдырылады.

Екіншіден, азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй немесе білім беру сияқты басқа да маңызды мақсаттарға пайдалану мәселелері кешенді пысықталатын болады.

 «Министрлік ұзақ мерзімді актуарлық үлгілерді құру негізінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін жұмыс тобын құрды. Оның құрамына Ұлттық банктің, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, Кәсіподақтар федерациясы, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығы, Стратегиялық бастамалар орталығы, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері кірді. Кешенді және жан-жақты қарастыру үшін, сондай-ақ бизнес өкілдерінің, болашақ зейнеткерлер мен мүдделі мемлекеттік органдардың мүдделерін ескере отырып, сындарлы ұсыныстарды әзірлеу үшін жақын арада Үкімет деңгейінде осындай жұмыс тобы құрылатын болады. Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды Үкімет пен Ұлттық банк жыл соңына дейін әзірлейді», - деді министр.

Үшіншіден, шығындарды оңтайландыру және инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатында бюджеттен тыс жүйені шоғырландыру және бір әлеуметтік төлемді енгізу мәселесі зерделенетін болады.

-----------------------------------------------------------------

В ходе заседания коллегии Министерства труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН РК) по вопросам реализации Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» глава ведомства Биржан Нурымбетов в режиме видеоконференцсвязи рассказал заместителям акимов областей и городов республиканского значения, а также представителям местных исполнительных органов о том, какие механизмы прорабатываются МТСЗН РК для обеспечения стабильности пенсионной системы. 

В начале своего выступления министр отметил, что ежегодно в Казахстане повышаются солидарные пенсии с опережением уровня инфляции. Кроме того, в прошлом году были увеличены базовые пенсии с учетом стажа работы.  

«Соответственно, ежегодно растут расходы бюджета на пенсионные выплаты. В 2019 году на эти цели в республиканском бюджете предусмотрено 2,3 трлн тенге, что на 15% выше уровня прошлого года. Совокупный коэффициент замещения дохода пенсионными выплатами, без учета накопительной пенсии, составляет сегодня 52,7%. В то же время будут приняты меры по обеспечению стабильности пенсионной системы», – сообщил Биржан Нурымбетов.

Во-первых, в соответствии с поручениями Президента РК, в целях недопущения одномоментного увеличения нагрузки на бизнес, наряду с введением системы обязательного медицинского страхования, введение 5%-ых обязательных пенсионных взносов работодателя будет отложено до 2023 года.

Во-вторых, будут комплексно проработаны вопросы целевого использования гражданами части своих пенсионных накоплений на другие важные цели такие, как приобретение жилья или образование.

«Министерством создана рабочая группа по разработке комплекса мер по дальнейшему совершенствованию накопительной пенсионной системы на основе построения долгосрочных актуарных моделей. В ее состав вошли представители Нацбанка, министерств финансов, национальной экономики и других госорганов, Ассоциации финансистов Казахстана, Федерации профсоюзов, Центра прикладных исследований «TALAP», Центра стратегических инициатив, эксперты и общественные деятели. Для комплексного и всестороннего рассмотрения, а также выработки конструктивных предложений с учетом интересов представителей бизнеса, будущих пенсионеров и заинтересованных государственных органов, в скором времени будет создана аналогичная рабочая группа на уровне Правительства. Предложения по повышению эффективности пенсионной системы будут выработаны Правительством и Нацбанком до конца года», – проинформировал министр.

В-третьих, в целях оптимизации затрат и улучшения качества инвестиционного управления будет изучен вопрос консолидации внебюджетной системы и введения одного социального платежа. 

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Б.Нұрымбетов зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты - Yvision.kz