Б.Нұрымбетов өңірлердің әкім орынбасарларына азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша
Б.Нұрымбетов өңірлердің әкім орынбасарларына азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша тапсырма берді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасарларының алдына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау және 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
«Бүгінгі күні 403 мыңға жуық отбасыға немесе 2 миллионнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, олардың 62,5% -ын балалар құрайды. Бюджеттік қаражаттың үлкен көлемі өңірлерде игерілуде. Биылғы жылы елде АӘК төлеуге 204 миллиард теңге көзделген. Осыған байланысты атаулылық және мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетудің ашықтық мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді», - деді министр.
Біржан Нұрымбетов АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығына мониторинг нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушылар табыстары туралы жалған мәліметтер бергені анықталғанын атап өтті.
Министр сондай-ақ, әлеуметтік көмекті қажет ететіндер алуы тиіс екенін атап өтті.
«Еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамту мәселесіне жеткіліксіз назар аударылады. Мәселен, еңбекке қабілетті 523 мың адамның 111,3 мың адамы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жатады, оның ішінде 47 мың бос жұмыс орны болған жағдайда ғана 13,1 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды, тек 39,6%-ы ғана жұмысқа орналастырылды Әлеуметтік келісімшарттар 88,7 мың адамға жасалды. Осылайша, біз жергілікті жерлерде қайта оқыту мен жұмысқа орналастыру шараларын көрсетудің орнына ақшалай көмек көрсетуді басым екенін көріп отырмыз.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында біздің алдымызға АӘК көрсетудің ашықтығын, әділдігін және оларға еңбек уәждемесін қамтамасыз ету үшін атаулы әлеуметтік көмек беру механизмін түзету бойынша міндет қойды.
Министрлік осы бағытта жұмыс атқаруда, Сіздер де тыс қалмауларыңыз қажет, атаулы әлеуметтік көмек бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, екі күндік мерзімде Министрлікке ұсыныс енгізуді сұраймын» деді Нұрымбетов
Ол, сондай-ақ 2020 жылдан бастап бірыңғай әлеуметтік пакет белгілетін болады, оған мектепке дейінгі ұйымдардың балаларына тұрақты көмек көрсету, оқу жылы кезеңінде оқушыларды тамақтанумен және мектеп керек-жарақтарымен, формамен, тегін жол жүрумен, сондай-ақ медициналық көмекпен қамтамасыз ету кіретінін атап өтті.
«Жергілікті жерлерде «жалпыға міндетті оқу» бағдарламасы бойынша мектептерді ағымдағы ұстауға бюджеттен қаржыландыру көлемі 1% -дан аспайды. Бұл қаражат жеткіліксіз. Бүгін АӘК алушылар құрамында 1 миллионнан астам балалар, олардың қатарында 620 мыңнан астамы мектеп оқушылары. Осы мәселелерге қазір назар аудару керек, жергілікті жерлерде бюджеттің «жалпыға міндетті оқу» бағдарламасын қаржыландыру көлемін 2%-дан астамға жеткізу мүмкіндігін қарастыру қажет» - деп атап өтті министр.
--------------------------------------------------------------
В ходе заседания коллегии Министерства труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН РК) по вопросам реализации Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» глава ведомства Биржан Нурымбетов в режиме видеоконференцсвязи поставил перед заместителями акимов областей и городов республиканского значения ряд конкретных задач по вопросам назначения адресной соцпомощи (далее – АСП) и обеспечению детей из малообеспеченных семей гарантированным соцпакетом с 2020 года.
«Сегодня адресная соцпомощь назначена порядка 403 тыс. семей или свыше 2 млн человек, в их числе дети составляют 62,5%. Колоссальные объемы бюджетных средств осваиваются в регионах. В этом году на выплату АСП в стране предусмотрено 204 млрд тенге. В связи с этим вопросы прозрачности и адресности предоставления помощи нуждающимся семьям требуют особого внимания», – сказал министр.
Биржан Нурымбетов подчеркнул, что в результате мониторинга правильности назначения и выплаты АСП выявлено, что более 72 тыс. получателей адресной соцпомощи представили недостоверные сведения о доходах.
Министр также отметил, что социальную помощь должны получать те, кто в этом нуждается.
«Недостаточное внимание уделяется вопросу обеспечения занятости трудоспособных получателей АСП. Так, на текущую дату из 523 тыс. трудоспособных лиц под активные меры занятости подпадают 111,3 тыс. человек, из них лишь 13,1 тыс. вовлечены в меры занятости при наличии порядка 47 тыс. вакансий, трудоустроены лишь 44 тыс. человек. Социальные контракты заключены с 88,7 тыс. человек. Таким образом, мы видим, что на местах преобладает оказание денежной помощи вместо оказания мер по переобучению и трудоустройству. В своем Послании Глава государства поставил перед нами задачу скорректировать механизм предоставления АСП для обеспечения ее прозрачности, справедливости и мотивации к труду. Министерство работает над этим, но и вы не должны оставаться в стороне, с учетом текущей ситуации по АСП прошу в двухдневный срок внести конкретные предложения», – сказал Нурымбетов.
Он также сообщил, что с 2020 года нормативно будет определен единый гарантированный социальный пакет для детей из малообеспеченных семей, в который войдут регулярная помощь детям дошкольного возраста, бесплатное горячее питание для школьников, обеспечение их учебными принадлежностями и формой, предоставление бесплатного проезда, а также медицинская помощь.
«На местах объемы финансирования по программе «Всеобуч» не превышают 1% от бюджета на текущее содержание школ. Этих средств недостаточно. Сегодня в составе получателей АСП свыше 1 млн детей, в их числе порядка 620 тыс. школьников. Необходимо уже сейчас обратить внимание на эти вопросы, на местах надо рассмотреть возможности бюджета по доведению объема финансирования на «Всеобуч» свыше 2%», – подчеркнул министр.
