ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында алдағы атқаруға тиіс маңызды жұмыстарды атап өтті. Ауданның белсенді жасы және аудандық маслихаттың жас депутаты ретінде жауапкершіліктің жүгі ауыр , оны орындау басты міндетім екенін сезінемін. Мемлекет басшысы айтып өткендей, ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Қай уақытта болмасын жастарды назарынан тыс қалдырмайтын мемлекет басшысы, бұл жолы да жастар мәселесін, оның ішінде жастарды қолдау шараларын шегелеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияның ауыр салдарын еңсеріп келе жатқанын айтты. «Біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру. Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың 21 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналатынын алға тартады.

«Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды», дейді Президент. Сондықтан барлық жоспарымыз жемісті жүзеге асуы үшін бір кісідей жұмылып, еңбек етуіміз керек. Өз басым, Президенттің саяси реформаларға қатысты айтқан мұндай бастамаларын бір ауыздан қолдаймын.

Қоблан Динара Ғафурқызы

Аудандық мәслихат депутаты

Темір аудандық орталық ауруханасының Жалпы тәжірибелі дәрігері