Бөкейордасы ауданына көшпелі кездесу өткізілді
2017 жылдың 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелерімен Бөкейордасы ауданына көшпелі кездесу өткізілді.
Аудандық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаевтың және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында Б.Исақов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру міндетін орындау мен мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтау мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жоюдың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Департамент басшысы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасымен» таныстырды.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, мобильді топ мүшелері ауданның және ауылдық округтардың тұрғындарына қабылдаулар өткізді.
