БҚИТУ жемқорлыққа қарсы
2019 жылдың 26 қараша күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттерімен кездесу өткізді.
Шараға Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша тренинг өткізетін болады.
t�B�2�
