Бұхаров Мұхамбетпен кездесу
Мұнайлы ауданы Батыр ауылының қадірменді тұрғыны Бұхаров Мұхамбетпен кездестім. Еңбек ардагерінің отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарын атап өттім. Ардагердің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Алда келе жатқан 10 қаңтардағы сайлауға отбасымен түгел қатысып, «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырдым.
Ахмет Салманов

