Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел болашағы.
Әсіресе біздің қоғамда жеткіншектер мен бүлдіршіндердің құқықтарын қорғау мәселесі, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқық-бұзушылығының алдын алу ауқымды мәселе. Қала басшылығы мен өкілетті органдар бұл мәселені әркез бақылауда ұстап, жұмыстар жасалуын қамтамасыз етеді. Осы орайда бүгін " Nur Otan" партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Балалардың құқықтарын қорғау және балалар арасындағы қылмыстың алдын-алу» тақырыбында қалалық мәслихат депутаттарымен онлайн кездесу өтті.
Жиынның күн тәртібінде жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бірқатар ұсыныстар қаралды.
Мамандардың айтуынша құқықбұзушылыққа бейім балалар көбіне бос уақытын дұрыс пайдаланбайтындар. Сол себепті жеткіншектердің жалынды жастық шағын пайдалы өткізуге көп күш жұмсау керек. Оларды белсенді өмірге, түрлі үйірмелерге қызықтыру маңызды. Осы кезде жастардың көкірегі ояу, көзі ашық адамға айналып, дұрыс-бұрысты айыра білетін болады. Ал бұл — балалар арасындағы қылмысты, яғни қоғамдағы құқықбұзушылықтың төмендеуіне әкеледі.
