Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.

Бүгін студент жастармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін», - деп, М.Жұмабаев айтқандай қазіргі қоғам жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. Әрбір жас «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деген қағидамен жүруі абзал деп ойлаймын.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. - Yvision.kz