Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі "базар жоқ" әзілдер мен олардың "нысанасы"...

Тұрсынбек Қабатов театрының жақында өткен, 8 наурызға арналған "Базар жоқ" концертін қарап, бүгінгі юмористер не нәрсеге ориентир жасайтынына ойландым.

Әрине, тек қана (әзірше) бір концертпен, яғни 8 наурыздық концертпен шектеліп отырғанымды ескеріңіздер.

Тақырыптар аясына келсек:

1) Апалар, үлкендерге ізет

2) Қыздар, махаббат тақырыбы

3) Отбасы әңгімесі: күйеу мен әйел арасындағы әңгіме, үйленуден кейінші қарым-қатынас, болашақ жар таңдау мәселесі, әйел мен еркекке пародия

Әзілден мысал:

"Осы апалардың армандары туралы сұрасаң әрқилы. Бір апамыз айтады маған: "Шалым бірінші о дүниелік болса екен", деп армандаймын дейді. Мен шошып кеттім, ертең өзім де шал боламын ғой, "Неге?" деп сұрадым. Апам: "Ойпырмау, ертең мен бірінші кетіп қалсам, шалымның жайы не болады: тамағын кім істеп, кім қарайды екен деп уайымдаймын ғой" - десе, басқа бір апамыз: "Осы "Денизді" (сериал) соңына дейін көріп бітсем екен" деп армандайды екен".

Отбасы әңгімесіне келсек, оны да бірнеше подпунктіге бөлген абзал.Себебі әңгіме аясы әріге өрбиді:

а) Әйел адамның сумкасы

ә) Әйел мен еркектің жүрісі

б) Сыйлықтар

в) Руды сұрау мәселесі (шалдарға пародия) vs Сетевой маркетинг (апаларға пародия)

4) Тұрсынбекше алфавиттен үзінді

"Х әрпі, иллюстрация сурет - бос, ештеңе жоқ. Бұл не? - дейді біреу. Храпунов. Х - Храпунов"

Шынымен, қызықты интерпретация және белгілеу. Қазақстанда Храпуновтың жоқ екенін де ескерсек, оның тағы да телевизорда көрінбей, айтылмайтынын да байқау керек.

5) Саясат десек, келесісі қала атауларына сәйкес саяси әзіл. Ортада суретте - екі орыс. "Бұл кімдер" дейді тағы біреу. "Петропавл" - Тұрсынбектің жауабы. "Атын өзгерте алмай қойдық қой бұл қаланың..."

Аталмыш концерт аясындағы жанрларға келсек,

а) 11 минуттық стэнд-ап, яғни монолог (Камеди Клабтағы Павел Воляны, немесе Батыс телевидениесіндегі әйгілі Джим Керрині елестетеді, бірақ бір ғана ерекшелік Тұрсынбек стэндапы жас ориентиріне байланысты "қонақтарды" қарастырады: 18-ден төмен, студент, жас отбасы, орта жастағы отбасы, кемпір мен шал жасына жетпеген отбасылар, кемпір мен шалдар)

 

Жалғасы бар...

0
0
2003

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі "базар жоқ" әзілдер мен олардың "нысанасы"... - Yvision.kz