Бүгінгі күнді басқара отырып, болашақты құрамыз
2019 жылы 18 сәуірде "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалының базасында персоналды басқару жөніндегі бас маманӘ.М. Қарымсақова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған «Бүгінгі күнді басқара отырып, болашақты құрамыз» мемлекеттік қызметшілердің HR-форумына бейнеконференция арқылы қатысты.
Аталған форумның мақсаты-орталық және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің мамандары үшін дамудың еркін платформасын құру. Форум спикерлерімен қаралған негізгі тақырыптар-мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын тиімді басқару, персоналды басқарудағы инновациялар, халықаралық трендтер, HR-саладағы сандық мүмкіндіктер, сондай-ақ құзыреттіліктерді, қақтығыстарды басқару мәселелері және т.б. HR-форумның форматы панельдік сессиялар мен Kyzmet Talks, тренингтер мен брейнстормингтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі HR саласындағы шетелдік сарапшылармен Web-сессиялар болды.
