Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі «Біздің депутаттар» жаңа айдарының келесі кейіпкері Светлана Ешматқызы Байтенова

Бүгінгі «Біздің депутаттар» жаңа айдарының келесі кейіпкері Светлана Ешматқызы Байтенова. С.Байтенова 1963 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл совхозында дүниеге келді.Орта мектепті тәмамдаған соң жоғары білім алу мақсатымен Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін бітіріп, Қаратөбе ауданына қарасты Жігерлен сегіз жылдық мектебінде еңбек жолын бастады. 1988 жылы Егіндікөл совхозының комсомол комитетінің хатшысы ретінде қоғамдық жұмысқа араласты.1990 жылдан бастап Шыңғырлау ауданы Алмаз совхозындағы орта мектепте еңбек жолын жалғастырды. 2005 -2012 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.Осы жылдарда ауданымызда қоғамдық бірлестіктердің ашылуына,жұмыстануына ықпал етті. Талапшыл да жауапкершілігі жоғары Светлана Ешматқызы 2012 жылы Полтава ауылдық округіне әкім болып сайланды.Шағын ауылдың мұң-мұқтажын шешіп, түрлі ұлттардың басы біріккен қоғамдық ортада өзара үйлесім мен жарасымдылықтың жоғары деңгейде көрініс табуына ат салысып, халықтың алғысына бөленді. Жаңашыл, заман ағымына ілесе отырып, ізденіспен жұмыс жасаған оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары қызметіне басшылық жасау ұсынылды. Осы жылдар белесінде Светлана Ешматқызы өзін өзі біліктілік жағынан жетілдіріп, партия саясатын алға апару жолында халықпен етене араласып, түрлі бағдарламалар мен жобалардың аудан деңгейінде өз дәрежесінде жүруіне белсене ат салысты. аудандағы барлық мекемелер мен ұйымдармен тығыз байланыса отырып, халықтың осал тұстарына көмек қолын созу, көп балалы отбасыларға жәрдемдесу, бойында ізденіске, білімге деген құлшынысы мол жастарды қолдауға әрдайым дайын жүрді. Әрі аудандық мәслихаттың депутаты ретінде халықтың аманатына да адал бола білді. Оған мысал келтірген де артық болмас. Айталық, аудандағы «Бөбек» балабақшасы орналасқан маңайда балалардың демалыс орнының жасақталуына бастама көтеріп, керемет ойын алаңын бүлдіршіндер игілігіне бергізуге үлес қосты. Сонымен қатар алдына көмек сұрап келген жұмыссыз жастардың уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуына мұрындық бола білді. Жаза басқан жандарға да сенім арта отырып, олардың қоғамнан өз орнын таба білуіне көмек етті. Осының бәрі оның еш нәрсеге де немқұрайлы қарай алмайтындығын, елге, жұртқа болсыншы деген игі тілегінен туындап жатқан қадамдар еді.

Еңбек еткен жылдарындағы қол жеткізген табыстары елеусіз қалған емес, облыс әкімі А.Көлгіновтің қолынан Құрмет грамотасын, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан Алғыс хат, Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың атынан берілген Алғыс хаттар, Партия Төрағасының бірінші орынбасарлары А.Мырзахметов пен М. Құл-Мұхамедтің алғыс хаттары оның ізденісі мен талапшылдығының айқын көрінісі.

Жеке тұлға ретінде де сый-құрметке бөленіп келе жатқан Светлана Ешматқызының нәзік жан ретінде басына түскен қиындық та аз емес бұл өмірде жолдасынан ерте айырылған жас ана қолындағы ұлы мен қызын жеткізіп, білім беріп, өмірде өз орнын таба білуіне Ана ретінде өз өмірін арнаған жан. Ол өмірдің түрлі қиындықтар мен сынақтардан тұратынын, ондай кезде адамның сағы сынбай, алдына нақты мақсаттар қоя білуі қажеттігін, қандай істің болсын күрмеуін тез шешіп, айналысындағыларды ортақ мақсатқа жұмылдыру ғана түрлі белестерден абыроймен өткізуге мүмкіндік беретінін мықтап жадына түйген еді. Көп балалы отбасында дүниеге келіп,көпшіл мінезімен,ұтқырлығымен,қайсарлығы да орнымен көрініс беріп жататын,мейірімді Әйел, аяулы Ана, қоғам Белсендісі ретінде ел ортасында жүрген Светлана Байтенованың шынайы бейнесін жұртшылық осылай сипаттайтыны да шындық.

Ендеше, алдында әлі талай межеленген мақсаттары бар, өмірдің күнгейі мен көлеңкесінен абыроймен шығып келе жатқан белсенді де қарапайым нәзік жан алда да ел кәдесіне жарар игі істердің басында боларына кәміл сенеміз. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz #Shyngyrlaudeputies2021

0
0
255

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі «Біздің депутаттар» жаңа айдарының келесі кейіпкері Светлана Ешматқызы Байтенова - Yvision.kz