ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бүгін – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.Жамбыл “Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Асанқайғы, Қазтұған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қаблиса, Сүйінбай сынды жыраулар өмір сүрді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектептің соңғы өкілі десе де болғандай еді. Ол «Менің – пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп өмірін өлеңге арнады. Атақты Майкөт пен Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың бірінші ақыны атанды. Елімнің жақсыларын таныстырған, Ой жырым, қызыл тілім сенің арқаң, – деген Жамбыл баба қандай құрметке де лайық.Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған. Жақында ғана Сіз Мәскеуге барып, Жеңіс парадына қатыстыңыз. Сол Жеңіске Жамбыл Жабаевтың да қосқан үлесін қазақ халқы да, ресейліктер де жадынан шығармайды. Сіз оны жақсы білесіз. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты атақты өлеңі ешқашан ұмытылмайды. Рас, Жамбыл Жабаевтың 100 жылдық ғұмырының соңғы 28 жылы Кеңестер одағы тұсында өтті. Бұл ақынның қасиетіне де, қасіретіне де айналды. Коммунистік жүйе, оның идеологтары Жамбылды партияның ұранына айналдырып жіберді. Тек партиялық тұрғыдан бағалады.Ал Жамбыл қандай ақын!? Алтын қылыш қынабында жатпайды. Жамбылды тану үшін жаңа көзқарас, жаңа таным керек. Мәселен, Жамбылдың революцияға дейінгі өмірі әлі толық зерттелмей келеді. Жамбыл жәй ғана ақын емес, ол күрескер ақын. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде 61 жасына қарамай, көтерілісшілерді қолдап, жыр арнады. Романовтардың таққа отыруының 300 жылдығына арналған Верныйдағы ақындар айтысындағы ақындық болмысы көзден тыс қалды. Сонымен қатар, Жамбылдың Балуан Шолақ, Әсет ақын, Шашубай сынды ақындармен арасындағы әңгімелер қалың оқырманға жеткен жоқ.Жамбылдың мұндай азаматтық қыры тіпті айтылмайды десе де болады. …Бірде Жетісуға Садық сұлтан Кенесарин келеді. Алдынан Жамбыл шығады. Атақты Абылайханның ұрпағы, Хан Кененің ұлы Садық сұлтанды қалың қазақ қонақ етіп, қырғызға апармақшы болады. Бұл хабар қырғыздарға шанышқыдай қадалады. Бірақ, Садық сұлтанды Жамбыл ақын ертіп келе жатыр дегенді естігенде, сабырларына түседі. Қырғыздар Садық сұлтанды ерекше құрметтеп қарсы алады. Жамбыл сөздің мәнісін айтады. Садық сұлтан әкесі хан Кененің қылышы мен ертоқымын алып кері қайтады. Ақын тағдырындағы осындай деректер санатқа алынбай, еленбей келеді.Жыр алыбы атанға ұлы ақынның мол мұрасы әлі талай зерттеліп, жаңа қырынан таныла түсер деген үміттеміз.Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер 100 жасаған алып бәйтерек Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймыз! Той-тойға ұлассын!