Бүгін Рождество мерекесі!
Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында, кейбір елдерде Юлиан күнтізбесі бойынша атап өтіледі. Рождество мейрамын 4 ғасырдың ортасынан бастап христиан шіркеуі Митра сенімін ығыстыру үшін, Митра сеніміндегі жеңілмейтін “Күн-құдай” орнына енгізді. Алғашқылардың бірі болып Рождество мейрамын Рим халқы тойлады. Рождество мейрамы 431 ж. Эфес шіркеуінде ресми заңдастырылып бекітілді. Құрметті отандастар! Еліміздегі,ауданымыздағы христиан діні өкілдерін атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Құлшылықтарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болуын, зор денсаулық,отбасының амандығын тілейміз! "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
