Бүгін Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының мүшелері жастармен кездесті
Бүгін Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Теректі аудандық қоғамдық штабының мүшелері Подстепный ауылының жастарымен кездесті.
Кездесу Подстепный ауылындағы «Жігер» коворкинг орталығында өтті. Штаб мүшесі Арман Сағидоллин Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянына, оның ішкі және сыртқы саясаттың дамуына қосқан үлесіне тоқталып өтті. – Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздегі жоғары лауазымға лайықты үміткер ретінде тапсырылған мемлекеттік жоғары қызметтерді абыроймен атқарды. Біздің кандидат БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болғанын және тәжірибелі мемлекет саясаткері екенін жақсы білесіздер, – деп оның азаматтық тұлғасына жоғары баға берді.
Сондай-ақ, штаб мүшесі Нұрсұлтан Қадырғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілгенін айтып, тұғырнамада «жастармен бірге» қағидатының маңызына баса назар аударды. Н.Қадырғалиев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында білім, баспана, жұмыс сияқты жастарды алаңдататын барлық мәселе бойынша ауқымды реформалар пакеті ұсынылғанын айтты. Мысалы, жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге 2,5%-пен несие беріледі.
Сонымен қатар, жиында жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасып, жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, тіл мәселесі, студенттерге жатақхана салу, спорттық жарыстар өткізу, ұлттық спортты дамыту сынды ұсыныстар айтылды.
#Toqaev2022
