Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін Орал қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті.

Қалалық мәслихаттың депутаттары қатысқан отырысқа қалалық филиал төрағасы, қала әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы төрағалық етті.

Жиын барысында алдымен «Nur Otan» партиясы Орал қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылады. Сайлауалды бағдарламада әр бағыттағы жұмыстардың жүзеге асыруын пысықтады,. Сол себепті де Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Орал қалалық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары К.Б.Нуршинов таныстырып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынды.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Бүгін Орал қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті. - Yvision.kz