Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Руслан Нұрсипатов бастаған...

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Руслан Нұрсипатов бастаған үгіт-насихат тобы Жамбыл ауылында болып, ауыл шаруашылығы саласын дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарымен кездесті. Руслан Маратұлы алдымен кездесуге келгендерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесуде сондай-ақ 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Бағдарламада Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Нақтырақ айтар болсақ, 2021 жылы Жамбыл ауылында 90 орындық мәдениет нысаны бой көтермек.

9
0
139

Осы тақырып бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Руслан Нұрсипатов бастаған... - Yvision.kz