Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ сьезінің онлайн форматта өткізілді

Бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ сьезінің онлайн форматта өткізілгенінен хабардармыз. Партия Төрағасы, Елбасымыз бұл жиынның маңызына ерекше тоқталып, тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлағалы отырған еліміздің әрі қарай жан-жақты дамуы үшін атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті. Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның бүгінгі күнге дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасында бұл құжаттың ел тұрғындарының бар талаптарымен санаса отырып дайындалғанын және оларды іске асыруда қолға алынатын шаралар нақты көрсетілген бірден-бір құжат екенін тілге тиек етті. Аталмыш құжат еліміздің әрбір тұрғынының жеке дамуына, әлеуметтік жағдайының көтерілуіне, алыс аймақтардағы экономиканың өркендеуіне, саналы, бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыруға, халықтың игілігі үшін жұмыс атқаратын азаматтар мен мемлекеттің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін 21 триллион бөлінген. Қоғамдағы маңызды мәселелер шешімін табуы үшін, еліміздің әл-ауқатының жақсаруы үшін еңбектеніп, теңізге тамшыдай болса да дамушы еліміздің іргесі мықты державаға айналуына атсалысайық.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ сьезінің онлайн форматта өткізілді - Yvision.kz