Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық Сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық Сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидаттар Әбілдаева Гүлнара Жақсылыққызы және Мұсаханова Гүлнәр Махамбетқызы ZOOM платформасы арқылы қабылдау жасады. Аталған онлайн байланыста аудан тұрғындары жеке сұрақтары бойынша, мысалы, тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелермен қайырылды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.
