Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті. Конфернеция жұмысына аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нарбай Ергебеков төрағалық етті.

Конференцияның күн тәртібіне төрт мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, "Nur Otan» партиясының Жуалы ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы; Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың жария пікірсайысының дауыс беру қорытындысы туралы; «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының партиялық тізімін бекіту туралы; «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2019 жылғы 16 тамыздағы отырысында Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев әрбір өңір және аудан үшін партияның сайлауалды бағдарламаларын дайындауды тапсырған болатын.

Осыған орай әзірленген бағдарлама жобасы партия филиалының ресми сайтында талқылау үшін алдын ала жарияланған.

Одан бөлек, праймериздің үгіт кезеңінде кандидаттардың тұрғындармен кездесулері барысында олардың тарапынан 64 ұсыныс-тілектер мен аманаттар түскен. Оның 50-і әзірленген сайлауалды бағдарлама жобаларында ескерілген. Сондықтан аудан бойынша сайлауалды бағдарлама делегаттардың дауыс беруімен бірауыздан бекітілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова төрағалық етті. Партия филиалдарының конференцияларын өткізу жөніндегі Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14.3 тармағына сәйкес партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар жария пікірсайысқа түсті.

Үміткерлер Керімқұл Бегалиев, Ақбота Қайңтарбаева, Ермек Абдивайтов, Талғат Тұрмағамбет, Мейіржан Телеушов, Зайрбек Сұлтанмұратов пікірсайыс алаңында өздерінің сайлауалды бағдарламаларына сәйкес аудан мен нақты ауылдарға байланысты өзекті мәселелердің шешу жолдары туралы ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Пікірсайысты модератор H.Сайлаубаев жүргізді. Конференция делегаттары үміткерлерге дауыс беріп, қорытындысы LED экран арқылы көрсетілді.

Белгіленген квотаға сәйкес, жария пікірсайыс қорытындысы бойынша ең жоғарғы дауыс жинаған 3 үміткер облыстық мәслихат депутаттығына сайлау бойынша партиялық тізімге ұсынылады. Олар: Керімқұл Бегалиев, Ермек Абдивайтов, Ақбота Қаңтарбаева.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясынан Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мәселесіне көшеміз.

Өздеріңізге белгілі, 2020 жылғы 26 наурыздағы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің №001 Қаулысымен бекітілген «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу» Ережесіне сәйкес, партиялық тізімдер кем дегенде 30% әйелдерден, 20% 35 жасқа дейінгі жастардан және партия филиалы төрағасымен айқындалатын мәслихаттардағы мандат санының 30% өңірлік партиялық квотасынан құралады. Осыған байлансыты келесі мәселе бойынша конференцияда бекітуге ұсынылып отырған тізім жобасында аталған талаптар сақталып, жоғарғы рейтингтік көрсеткішке қол жеткізген кандидаттар тізім бойынша партиялық тізімге енді.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша ағымдағы жылдың 17 қарашасында онлайн жүйеде өтеді деп жоспарланып отырған «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясына тоғыз делегат сайланды.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті. - Yvision.kz