Бүгін "Nur Otan" партиясы Ырғыз аудандық филиалы орынбасары Тұрымов Марат тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда: аудан территориясы бойынша өтетін "Орталық-Батыс" тас жолының құрылысы туралы, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасағандарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастыру, "болашағы жоқ ауылдар" деген түсінік жайы сөз болды. Сонымен қатар тұрғындар аудан көлеміндегі басқа да мәселелерге алаңдаушылық білдірді. Кездесуде айтылған ұсыныстар тиісті орындарға жеткізіліп, бақылауда болады.
