Бүгін, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында
Саяси Кеңес Бюро отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» талқыланып бекітілді. Отырысқа Саяси Кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген бұл «Жол Картасы» өңір дамуына жаңа серпіліс беріп, ауданымыздың әл-ауқатын көтеру жолында орасан зор септігін тигізбек.
