Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХІХесеп беру – сайлау конференциясы өткізілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру – сайлау конференциясы онлайн форматында өткізілді. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Асантаев Жанат Асылханұлы төрағалық етті. Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты. Аудандық конференцияның күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды:

1. «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер;

2. «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының Саяси кеңесін сайлау;

3. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов баяндама жасады. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы Саяси кеңесінің 15 жаңа құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 4 делегат сайланды.

Партия конференциясының күн тәртібінде қаралған мәселелерді тыңдап, партия филиалының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп баға беріліп, қаулы алынды.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХІХесеп беру – сайлау конференциясы өткізілді - Yvision.kz