Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін үміткерлер Шымкент стансасы ұжымымен кездесті.

Бүгін үміткерлер Берік Бекжанов, Жұмағали Білісбеков, Тасқынбай Бүрлібаев, Мұхит Асанов, Нұрдаулет Үмбеталиев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында "Қазақстан Темір жолы" Акционерлік қоғамы Шымкент жол бөлімшесінің Шымкент стансасы ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттарын таныстырып, сайлаушыларды алдағы келе жатқан сайлауда дұрыс таңдау жасап, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Бағдарламамен танысқан Шымкент стансасы қызметкерлері өз тарапынан да бірқатар мәселелерді көтерді. Алдымен, еңбек жалақыларының өзге де ірі қалалармен бір деңгейде болуын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, зейнет жасын қысқарту жағын қарастыруды сұрады.

Кездесу соңында қатысушылар партия жұмысына сәттілік тілеп, "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын айтты.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беріңіз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Бүгін үміткерлер Шымкент стансасы ұжымымен кездесті. - Yvision.kz