Бүгін міне, елімізде өтіп жатырған праймериздің дауыс беру кезеңі өтуде.
Ардақты атыраулықтар!
Бүгін міне, елімізде өтіп жатырған праймериздің дауыс беру кезеңі өтуде. 3 қазан күнгі ақпарат бойынша 23 897 партия мүшесінің 20 323-і (85%) дауыс берді. Белсенді бастауыш партия ұйымдары өз пікірлерін білдіріп, өздері сенетін үміткерлеріне дауыстарын берді.
Дауыс беру кезеңінің бірінші күнгі нәтижелері бойынша партия мүшелері медиа ақпараттық кеңістікте танымал адамдардан гөрі өздері білетін азаматтарға дауыс беруі таңқаларлық жағдай емес. Бұл біздің әлі де болса дәстүрлі қоғамда өмір сүретініміздің дәлелі, онда қарапайым, әрі нақты, мысалы, тиесілі болу, жеке танысы және мүдделердің сабақтастығы маңызды. Сондықтан да білім саласының өкілдері білім саласындағы, мұнайшылар өздерінің үміткерлерін таңдайтыны хақ.
«Nur Otan» партиясы тек партия мүшелерін ғана емес, сонымен қатар, белсенді азаматтарды да жұмылдыра білгендіктен үміткерлер арасында жаңа есімдер пайда болды.
Айта кету керек, онлайн дауыс беру Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатыр. «Nur Otan» партиясы өзінің көшбасшылығын көрсетіп, жаңашылдықтарды ұсына алатындығын, жауапкершілікті сезінетіндігін және қойылған міндетті соңына дейін жеткізетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

