Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу өтті.

Бүгін Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аналар мерекесіне орай «Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу өтті.

Шараға «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Нысанбаева, аудандық «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Мамбешова және аналар қатысты.

Бөлімнің сектор меңгерушісі М.Байбарақова көктемнің алғашқы мерекелік күнімен қатысушыларды құттықтап, мүгедек балаларды қолдау бойынша көрсетіліп жатырған бірқатар мәселелерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мерекелік дастархан басында аналар өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселелерімен бөлісті, жүрекжарды тілектерін арнады. Аталмыш шара барысында аудандық «Мерей» мәдени-демалыс орталығының термешісі Д.Ораш аналарымызға арнап ән шырқады.

Шара соңында аналарға арнап естелік сыйлықтар табысталды.

0
0
102

Осы тақырып бойынша

Бүгін Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу өтті. - Yvision.kz