Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Осы отырыста еліміз үшін маңызды мәселелердің біріне нақты нүктесін қойды. Бұл шешім барлық қазақстандықтар үшін өте қуанышты хабар болды.
«Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет» - деп Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде біржола тыйым салды.
Мемлекет басшысының ерекше құзыретінің бірі — заң шығару бастамасын ұсыну және оны Парламентте кезектен тыс шұғыл қарау болып табылады. Осы құқығын пайдалана отырып, ел Президенті жедел заң қабылдаймыз деген шешім айтты.
Ендігі кезекте Комиссия (Жер реформасы жөніндегі комиссия) жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы үнемі хабардар болып отыратынымыз да белгілі болды. «Басты міндеттің бірі - комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың ерекше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін», - деп ел Президенті дөп басып айтты.
Мемлекеттігіміздің берік іргетасы және қасиетті рәмізі болып табылатын Жер дегенде жүрегін жұлып беруге бар дана халқымыздың пейілі мені де риясыз қуантты.
@tokayev_online @akordapress @nur_otan @baibekbk
#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021
