Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін мәслихат депутаттығына түсіп жатқан нәзікжанды кандидаттар...

Бүгін мәслихат депутаттығына түсіп жатқан нәзікжанды кандидаттар Эльмира Алпанбаева, Үміт Жасынбекова мен Раушан Қапарова Жезқазған аймағы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айман Исиновамен кездесті.

"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы мен Жезқазған қаласын өркендетудің кешенді бағдарламасын жіті таныстырған кандидаттар іскер әйелдердің қатысуымен атқарылуы мүмкін бірқатар жобаларды ортаға салды. Атап айтсақ, әңгіме барысында Жезқазған қаласының көшесімен қатар әр ауласын жасыл желекке орап, гүлдендіру үшін кең көлемді акция ұйымдастыру жоспарланды. 2021 жылдың көктемінен бастап іске асатын акцияға әрбір жезқазғандық белсенді қатысып, қалаға деген жанашырлығын көрсете алады.

Ұдайы игі бастамалардың басы қасынан табылатын Айман Байболқызы жезқазғандық іскер әйелдердің атынан кандидаттарға алдағы сайлауда жеңіс тілеп, өз қолдауын көрсетті.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Бүгін мәслихат депутаттығына түсіп жатқан нәзікжанды кандидаттар... - Yvision.kz