Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар күні!

Бұл күні тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға сый-құрмет көрсетіледі. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бей-жай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіреді.

Қазір мүмкіндіктері шектеулі аза­маттардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыт­тарының біріне айналып, бұл адамдарды қорғау шаралары «Қазақстан Респуб­ликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес, жүзеге асырылып келеді. 2008 жылдан бастап Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі тұлға­лардың құқықтары туралы Халықаралық конвен­цияға қосылды. БҰҰ рати­фика­циялау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі дайындаған Қазақ­стан Республикасы Үкі­метінің 2012 жылдың 16 қаңтарындағы №64 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мүгедектер­дің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымыз, 2009 жылы қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қыз­меттер туралы» заңы да бар

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғам назарынан тыс қалдырмай, олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасап, қолдау көрсете білейік!

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалы

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар күні! - Yvision.kz