Бүгін "Мұхит" БПҰ оффлайн форматта есеп беру жиналысын өткізді
«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде. Бүгін "Мұхит" БПҰ оффлайн форматта есеп беру жиналысын өткізді. Күн тәртібінде «Мұхит» БПҰ – ның 2019 – 2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы, "Мұхит" БПҰ төрағасын сайлау, БПҰ Бюросын сайлау, партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Күн тәртібі бойынша баяндамашылар есебі тыңдалып, партияның аудандық отырысына делегаттар сайланды.
