Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін, Елордасы Нұрсұлтан қаласында «Nur Otan» партисының кезектен тыс ХХ Съезі өткелі жатыр

XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды. «Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады. «5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді», - деді Бауыржан Байбек. Осы орайда, Құрманғазы ауданы бойынша 2020 жылға 7 санатқа жататын отбасылар тізімі жасақталды. Акция басталған алғашқы күндері ауданда 53 отбасы азық-түлік тағамдары және жеке бас гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Акцияға ауданымыздағы кәсіпкерлер, еріктілер мен мекеме қызметкерлері өз үлестерін қосты. Қосымша осы акцияны Құрманғазы ауданының партиялас кәсіпкерлері, жастар қайырымдылық шараға қатысып қосымша 95 адамға көмек ұсынылды. Аудан бойынша 19 округте барлық елді мекендердегі мұқтаж отбасыларды қамту жұмыстары ұйымдастырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz Қоғамдық қорының қайырымдылық қолдауының алғашқы бөлінген қаражатына Құрманғазы ауданының 1700 аз қамтылған отбасына 50 мың теңгемен ақшалай көмек көрсетілді. Атырау облыстық мәслихат депутаттары Сұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлы, Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлының аудан орталығынан үш жүз шақырымның үстінде шалғайда жатқан Азғыр өңіріндегі Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтеріне аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен екі үлкен көлікпен 50 отбасына 1 800 000 теңге көлемінде демеушілігік жасады. «Biz birgemiz» республикалық акциясына үн қосқан Құрманғазы ауылының бір топ кәсіпкерлері Ұлыбек Өтегенов, Біржан Кенжебаев, Ақылбек Қайсағалиев, Ақылбек Қуаншалиев, Дәурен Марданов, Талғат Жұмалиев, Роман Рахимов, Сайфолла Мұқанов, Бекес Сәрсенғалиев, Бақтылы Махмудова, Гаухар Болатбаева, Раушан Тілепбергенова, Сандуғаш Жармұхамбетова, Роза Мақаева, Гүлфарида Қажыбаева, Айнагүл Ниғыметова әлеуметтік қолдауды қажет ететін 100 отбасыға тегін азық-түлік таратты. Аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясның төрағасы Кенжебаев Бержан Ахонұлы 60000 мың ақшалай фондқа аударды. Жеке кəсіпкер, "Е.Құбашев" шаруа қожалығының жетекшісі, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі, аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Захарұлы Құбашев елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде партияның #BIZBIRGEMIZ_NUROTAN! акциясына орай аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға көмек қолын созып, өз шаруашылығынан семіз ірі қара малының жас етін таратып берді. Аудандық əкімдікке ауылдық округтерден ұсынылған тізімдері бойынша 30 отбасыға үлестірілді. Аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі, Жұмажан Шакупов басқаратын «Каспий балық» өндірістік кооперативі 2 тонна сазан балығын тегін үлестірді. «Сине Мидас Строй «БК», «Бекет Сәт Жол», «Бек и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушіліктерімен 835 000 мың теңге көлемінде тегін-азық түлік тартылды. Пандемияға қарамастан, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы онлайн форматта жалғасып, электронды түрде өтініштер Құрманғазы аудандық филиалында қабылданды. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында 781 адам болып, 87 мәселе оң шешіліп, тұрғындардың партияға деген сенімідері артуда. Мәселен, Теңіз ауылдық округінің 22 тұрғыны қатты соққан төтенше дауылдан үйлерінің шатырлары ұшып, зардап шеккенін айтып «Biz birgemiz» акциясы аясында материалдық көмек сұрап аудандық филиалға хабарласып өтініштерін білдірді. Барлық хабарласқан тұрғындардың мәселелері оң шешіліп, 50 мыңнан материалдық көмек көрсетілді. «Biz birgemiz» акциясы аясында «Атырау-Астархань» тас жолын салып жатырған Қазақстан-Түрік біріккен компаниясы «Сине Мидас Строй» ЖШС акцияға өз үлестерін қосуда. Ауданымыздағы көп балалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі 35 отбасына 390 000 теңге көлемінде құрайтын азық-түлікпен демеушілігін жасап, көмектерін көрсетті. «Nur Otan» партия Құрманғазы аудандық филиалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына ұсынатын, еліміздің бүгінгі өмірінде ерекше орын алатын, маңызы жоғары, саяси әрі тарихи мәні бар жолдауларын және партияның бағдарламалық алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу – «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде, жұмыстану аудандық филиалдың Саяси Кеңесінің, оның Бюросының күн тәртібінен үнемі түскен емес. Бұл аудан тұрғындары үшін жасалып жатырған жұмыстар жалғасын тауып әрбір жоспарлы істің межесіне жетіп орындалуы, партияның бақылау комиссиясының назарында болады.

"Nur Otan" партиясы Құрманғазы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Өтегенұлы Есенғазиев

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Бүгін, Елордасы Нұрсұлтан қаласында «Nur Otan» партисының кезектен тыс ХХ Съезі өткелі жатыр - Yvision.kz