Бүгін Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлар) күні
Бүгін Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлар) күні. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсан күні атап өтіледі. Еріктілер немесе ағылшын тілінен алынған және соңғы уақытта жиі қолдынылатын сөз - волонтерлар - өздерінің бос уақыттарын қоғамның игілігі үшін жұмсайтын адамдар. Еріктілердің ақысыз жұмысын кез келген салада көруге болады. Қазақстанда биылғы 2020 жыл – Еріктілер жылы. Мереке құтты болсын! «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы.
