Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қорытынды есеп беру кездесуі болып өтті.
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қорытынды есеп беру кездесуі болып өтті. "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова Гүлнара Рауанқызы, аудандық маслихат депутаттары және аудан тұрғындары бұл есептік кездесуге онлайн форматта қатысты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 2020 жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Екі сағаттан аса уақыт болған қорытынды есепте, өңір басшысына облыс тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып толыққанды жауаптар берілді. Солардың бірі болып Қарасаз ауылдық округіне қарасты Тұзкөл ауылының тұрғыны Жазықбаев Ақылбек Амандық Ғаббасұлына, "Тұзкөл көліне шет мемлекеттерден және еліміздің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келеді. Осыған орай, Тұзкөлге баратын жолға қашан жөндеу жұмыстары жүргізіледі?" - деген сауал жолдады.
Амандық Ғаббасұлы:
"Республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі алдағы өтетін кезекті республикалық бюджеттің комиссиясында қарастырылады. Қаражат толық бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айында басталып, 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған." - деп жауап берді.
Сонымен қатар Қостөбе ауылдық медицина пунктінің медбикесі Сейдалимова Динара Амандық Ғаббасұлына:
- " Өзіңізге белгілі Алматы облысының 80 пайыз тұрғыны ауылдық жерде тұрады.
Өкінішке орай, кейбір елді мекендерде медициналық мекеме жоқ. Осы мақсатта облыста бұл мәселе қалай шешімін табатын болады?"
- "Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасына бойынша 12 ауданда 20 елді мекенде модульдік медициналық пункт тұрғызу жоспарланып отыр. Райымбек ауданына 2 медициналық пункт биылғы жылы тұрғызылады." - деп жауап берді Амандық Ғаббасұлы.
Аталған қорытынды есеп беруде біздің аудан бойынша осындай екі мәселе көтеріліп, өз кезегімен шешімін табатын болды.