Бүгін "Қабыршақты" БПҰ-ның төрайымы Д.Уразбаева онлайн форматында есеп беру жиналысын өткізді.
20 сәуір күні "Нұр Отан" партиясы Ақжайық аудандық филиалы "Қабыршақты" бастауыш партия ұйымының төрайымы Д.Уразбаева және "Қабыршақты" бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысуымен онлайн форматында есеп беру жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Қабыршақты" БПҰ төрайымы Д.Уразбаева партия ұйымының 2019-2020 жылдары аралығында атқарылған жұмыстар туралы және алдағы міндеттерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, көпшілік дауыспен "Қабыршақты" БПҰ-ның жаңа төрайымы болып Ф.Хасанова сайланды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша 28 сәуір күні өтетін аумақтық конференцияға делегаттар сайланды.
