Бүгін "Ақтай" БПҰ төрағасы Амантаев Эльдар оффлайн форматта есеп беру жиналысын өткізді
Бүгін "Ақтай" БПҰ төрағасы Амантаев Эльдар оффлайн форматта есеп беру жиналысын өткізді. Күн тәртібінде «Ақтай» БПҰ – ның 2019 – 2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы, "Ақтай" БПҰ төрағасын сайлау, БПҰ Бюросын сайлау, партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Күн тәртібі бойынша баяндамашылар есебі тыңдалып, партияның аудандық отырысына делегаттар сайланды.
