Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін, "8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні"

Бүгін, "8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні"

мерекесі Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде, карантин талаптары сақтала отырып аталып өтілді.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, біртұтастығымызды сақтаушы күш.

Олар тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Бүгінде нәзікжандыларымыз барлық саланының бел ортасында жүр.

Айтулы мерекенің басын "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы барша аналарды, аяулы аруларды құттықтауымен бастап, мерекелік марапаттар табыс етті.

Мереке аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Бүгін, "8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні" - Yvision.kz