Бұдан бұрын жазғанымыздай, бүгін ауыл ішінде қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдады.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, бүгін ауыл ішінде қоғамдық көліктер (маршруттар) тұрғындарды тегін тасымалдады.
Осы үрдіске ауыл тұрғындары дән риза. Ауыл тұрғындарының бірі Гүлсара Шапағатова дпмалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруі өте орынды дейді.
-Мен өзім М.Мәметова көшесінде тұрамын, бірақ дауысты М.Өтемісов көшесіндегі №139 сайлау учаскесінде бердім. Одан бөлек Б.Жәнекешов көшесінде орналасқан №138 сайлау учаскесінде Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясының атынан байқаушысымын. Сол себепті бұл көліктер сайлау күні тұрғындарды тасымалдағаны өте орынды болды. Сонымен қатар қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдады. Ұйымдастырушыларға мың алғыс,-деді ауыл тұрғыны.

