Бұқаралық психология және ұлттық менталитет
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның көзқарасына, мінез-құлқына және тұтастай алғанда қоғамдық санаға белсенді ықпал ете алады.
Бұқаралық ақпарат құралдарынының аудитория психологиясын реттеуі, эмоционалды әсер етуі мына факторларға байланысты:
1) негізгі контент және оны ұсыну;
2) журналистердің кәсіби көзқарасы мен мінез-құлқы;
3) аудиторияның құрамы мен басқа да сипаттамалары;
4) нақты әлеуметтік жағдай.
Ол бұқаралық психология мен ұлттық менталитетке де тығыз байланысты.
Ал бұқаралық психология мен ұлттық менталитет дегеніміз не?
Бұқаралық психология – белгілі бір адамдар тобының мінез-құлқы мен олардың басқа индивидумдардан айырмашалығын зерттейтін әлеуметтік психология бөлімі. Нақтырақ айтқанда бұқаралық психология - адамдардың белгілі бір мақсатсыз, эмоционалды күйі мен назар аударатын объектілерінің бірдей болуына байланысты уақытша топтасуы. Бұл ұғым ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін қалаған Тард пен Лебон.
Айта кетсек, әлеуметтанушы Б.А.Грушин бұқаралық ақпарат құралдарының «белгілі бір эмоционалды және психологиялық күйді құру функциясы» болуын талап етеді. Бұл нәтижеге тек ақпарат мазмұнының ғана емес, сонымен қатар материалды тұтынушыға жеткізу формаларының, дизайнның, шығарылым уақытының және барлық медиа сипаттамаларының әсері арқылы қол жеткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдары психологиялық реттеу функциясын атқаратын көптеген материалдардың ретрансляторы болып табылады. Алайда материалдарды жасау мен тарату құқықтық және этикалық нормаларға сәйкес болуы керек.
Ұлттық менталитет - белгілі бір ұлт өкілдерінің өзіне тән мінез құлық ерекшеліктерінің жиынтығы , ұлттық сипаты. Бұл географиялық, тарихи, лингвистикалық факторларға, әлеуметтік-мәдени дәстүрлерге және т.б. байланысты. Әр халықтың өзінің ұлттық менталитеті болады. Бұл оны басқа этникалық құрылымдардан ерекшелейді.
Кез келген елдің бұқаралық ақпарат құралдары - ұлттық мәдениет бен ұлттық құндылықтарды танытатын бірден бір құрал. Сонымен қатар БАҚ ұлттық менталитетке қайшы келмейтін ақпарат таратуда да жауапты міндет атқарады.
Қорыта айтқанда, ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы, олардың психологиясы және ұлттық ерекшеліктері маңызды болып табылады. Аудитория құрылымы мен сипаты зерттеліп, ескерілгенде ғана бұқаралық ақпарат құралдары өз жұмысын ұтымды жүргізе алады.
