Азық-түлік тауарларының бағасы мониторинг жасалды.
"Nur Otan" партиясының партиялық бақылау аясында фракция депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Б.Джумагулова және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Нүркеновпен бірге аудан орталығында орналасқан азық-түлік дүкендеріне бас сұғып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылау жасадық. ҚР 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 9 бабында, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушісінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді" деп белгіленген. Осы бойынша жеке кәсіпкерлерге түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың қояр ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдадық. Қазіргі күні Сайқын ауылындағы сауда дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы белгіленген шекті норманың шеңберінде.
Сонымен қатар, дәріханадағы дәрі-дәрмектің де бағасын біліп, талапты деңгейге сай екеніндігін көріп, аталмыш нормалардан асып кетпеуін сұрадық.
