Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азық-түлік табысталды

Nur Otan партиясының тұрақты түрде өткізетін қоғамдық қабылдауына келетін азаматтардың қатары көп.

Партияның Жамбыл аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауданның әр аймағынан әлеуметтік, тұрмыстық проблемаларын алға тартып хабарласатын тұрғындардың мәселесі тиісті органдардың қатысуымен сан мәрте талқыланып жүр.

Партия мен депутаттық фракция олардың жағдайына мұқият назар аударып, түйткіл түйінін тарқату үшін тиісті шаралар жасап келеді.

Солардың бірі, Аса ауылы тұрғыны А.Кембаева «Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық филиалына келіп, ауызша өтініш білдіріп, тұрмыстық жағдайының төмен екендігін айтып, әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы тарапынан арнайы зерделену жүргізіліп, демеушілер іздестірілді.

Нәтижесінде 6 наурыз күні «Қызыл-Ай» қоғамдық бірлестігі Жамбыл аудандық филиалының демеушілігімен азық-түлік алып берілді. Өтініш иесі өз кезегінде партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетіліп отырған көмектерге ризашылығын білдірді.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Азық-түлік табысталды - Yvision.kz