Азық-түлік-тұрмыстық жинақтар үшін қаражат төлеу
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында азық - түлік-тұрмыстық жинақтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады.
5 әлеуметтік топқа келесі тұлғалар жатады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек - баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Бұл үшін азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Осыдан кейін алушыларға шілде айында 2 АЕК мөлшерінде сомасы жіберіледі, яғни шектеу шараларын қолданылу кезеңінде.
---------------------------------------------------------
Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало и приняло приказ, предусматривающий выплату средств за продуктово- бытовые наборы за июль т.г. Получателями станут граждане, относящиеся к 5 социальным группам на момент вступления приказа в силу.
К 5 социальным группам относятся следующие категории лиц:
- дети в возрасте от 6 до 18 лет, из числа получателей адресной социальной помощи;
- дети-инвалиды до 16 лет за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях;
- инвалиды I, II, III группы всех возрастов за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях;
- лица, воспитывающие ребенка-инвалида;
- безработные граждане, зарегистрированные в местном исполнительном органе по вопросам занятости.
Для этого гражданам не нужно ни куда обращаться. Местные исполнительные органы, на основании имеющихся данных, сформируют список лиц, которым положено получение продуктово-бытовых наборов. После этого получателям будет направлена сумма в размере 2 МРП за июль месяц, т.е. на период действия ограничительных мер.
