Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазіргі Жапониядағы дін ұстану еркіндігінің жүзеге асырылуы

Қазіргі таңда жапондықтардың көбісі синтоизм дінін ұстанады.

Синтоизм - ұлттық дін болып саналады, сонымен қатар Жапон мемлекеті зайырлы болып жарияланған. Яғни діннің мемлекеттегі басқаруда рөлі және күші жоқ. Бірақ, Жапондықтардың өздері консервативті көзқарастарды ұстанады. Дінге қатты берілмесе де, барлық мейрамдарды және рәсімдерді орындайды.

Сонымен бірге, Жапонияда синтоизм, буддизм және христиан діндерінен басқа ислам, иудаизм секілді діндер де таралды. Ислам діні туралы айтатын болсақ, Мэйдзи дәуіріне дейін жапон халқы ислам діні жайлы мүлдем ештеңе білмеді. Бұл жағдай орыс-жапон соғысынан кейін болды. Яғни бұл соғыстан қашқан босқындар Жапонияға келді. Олардың арасында мұсылмандар да болды. Олардың саны Жапонияда өсуінің себебі - отбасылардың бірігуі. ХХ ғ басында мұсылмандар КСРО-ға қарсы соғыста қолданыла бастады. Бұдан кейін мұсылман қоғамдары пайда болды.

Жапонияда ислам дінін зерттеу ХХ ғ 40-ж басталды. Ең бірінші болып ашылған мекеме - Ислам Бунка Кэнкюдзё болды. Одан кейін басқа да институттар ашылды. Бірақ, 1945 жылдан кейін үкімет барлық мекемелерді таратуды жөн көрді. Жалпы алғанда, жапондықтардың ислам қоғамы 10 ж ғана өмір сүрді. Ислам дініне қызығушылық танытқан кісілердің арасында Идзуцу Тосихико болды.

Басқа діндер. Пайызы ең аз діндердің қатарына иудаизм(иудейство), сикхизм мен бахаизмді кіргіземіз. Еврейлердін орталықтары Кобе мен Токио қалаларында орналасып, еврей қоғамдары өмір сүрді. Кейде тіпті Нагасаки қаласында кездестіруге болатын. Сикхизм дінінің негізінде бауырлық қатынас болды. Олардың көбісі Африка, Канада, Аустралия мен Тайландта орналасты. Жапонияда олардың саны өте аз. Бахаизмді исламның бір ағымы деп санайды. Сол себепті Жапонияда бұл дін таралмаған. Оның идеологиясы - Құдай туралы ойларды теріске шығару және оның болмысын түсіну. (Её идеология подразумевает отрицание мыслей о Боге и стремлении познать его сущность.)

Конституцияның 20-шы бабы, «дін ұстану еркіндігі»

Соғысқа дейінгі кезде жапондықтардың барлығы синто дінін қабылдауы керек болды. Дәл осы жағдай оларды дін бостандығына итермеледі. Жапон Конституциясының 20-шы бабы «дін ұстану еркіндігін» береді. Оның ішінде былай айтылған: «Дін ұстану еркіндігі барлық адамға тиесілі құқық. Ешбір діни ұйым үкіметтен ешқандай көмек күтпейді әрі бұл топтар саяси күшке ие болмайды. Ешбір адамды белгілі бір митингтерге, діни акттарға, рәсімдерге насихаттауға тыйым салынады. Үкіметтің өзі де діни жиналыстар мен қызметпен айналысуына тыйым салынады».

Осылайша, бұл мемлекеттің Конституциясы дін мен мемлекетті ажырата алды. Яғни, белгілі бір дінге ерекше орын бермейді деген сөз. 2013 жылдың 26 желтоқсанда Синдзё Абэ Ясукуни атты храмға барып, тағзым еткен хабары  шет елдерге таралып, басқа елдердің наразылығына әкелді. Жапонияның сол байырғы заманының діни әрі ұлтшыл іс-әрекеттеріне қайтып жатқаны оларды үрейлендірді.

0
0
6417

Осы тақырып бойынша

Қазіргі Жапониядағы дін ұстану еркіндігінің жүзеге асырылуы - Yvision.kz