Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты құру бойынша семинар өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Бейнеу ауданы бойынша ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты, сонымен қатар 100 нақты қадам Ұлт жоспарын насихаттау мақсатымен семинар өткізілді.
Семинар барысында ауданаралық бөлімінің консультанты А.Бегимов іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.
Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілгеннен соң, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

