Қазіргі заман батырлары
Батыр- деген сөзді ести сала, біздің көз алдымызға сонау денесі ірі келген, қол-аяғы балғадай ер адам келетіні айқын. Бұл образ сонау әрқайсымызға балалық шақтағы аңыз-ертегілерден сақталған-ау шамасы. Бірақ уақыт ағымы біраз нәрсені өзгертті.
Күні бүгін нақты батыр образы жоқ. Неге деп сұрақ туындап қалған шығар ойыңызда. Мен кідіртпей, бірден жауап берейін. Қазіргі таңда әр күні бір жағдай орын алып жатады, тіптен төтенше жағдай орын алған жерде өзіміз де куәгер, жәбір көруші болып қалуымыз таңқаларлық жағдай емес. Байқасаңыз, теледидар арнасынан жаңалықтан бір адамның басқа адамды өрт аузынан құтқарғаны сыңды оқиғаларды естіп жатамыз, солай емес пе?
Менінше, қазір кез-келгеніміз, кәрің де, жас та батыр атана алады.
Өзінің өмірін екінші орынға қойып терең суға сүңгіген адам, өрт аузына кіріп, адам өмірін өлім аузынан құтқарған, көшедеге бұзақылардан құтқарып қалған адам – батыр.
Қазіргі заманнын тағы бір елеңбей жүрген батырлары бар. Ол-дәрігерлер. Өкінішке орай “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда”,- қадірін білмеген дәрігерлер- Батыр. Себебі, адамның дүние есігін ашуға да, жарақаттанғанда да, өлімнен арашалап қалатын да осы- дәрігерлер. Қазір жаһанды сұм індет жайпаған заманда адамзат баласы дәрігерлердің маңыздылығын енді түсінгендей болды. Дәл осы дәрігерлердің арқасында біздер аман-саумыз. Әлемді вирус жайпаған заманда бұл кісілер үй-жайын ұмытып, апталап, айлап емхана қабырғасынан шықпаған-ды. Соңғы статистикаға жүгінер болсақ, елімізде 183 дәрігер індет басталғалы дүниеден озған екен.
Өкінішті жағдай әрине. Дәрігерлерге мың алғыс айтуымыз қажет деп санаймын.
Батыр ол- күші көп адам емес. Батыр ол- басқалар бел бумаған нәрсеге барған, өзінін қажеттіліктерін, өз өмірін кейінге ысырып, көмек қолын берген абзал жандар. Батыр- ол ержүрек, адамгершілігі мол, мейірімді, табанды адам.
