Қазіргі таңда қаламыз көркейіп, дамып келеді...
"Nur Otan” партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Нурбосинов пен мүшесі Ж.Мұханбетқалиқызы Бақ өкілдерімен бірлікте қаламыздағы салынып жатқан обьектіге барып тексеріп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын бақылады.
Қазіргі таңда қаламыз көркейіп, дамып келеді. Қаламызда осындай шағын аудандарда жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба және техникалық шешімге сәйкес барлық учаскелерде жарықтандыру бағаналары орнатылған. Ал, кейбіреулерінде жарықтандыру шамдарын жағу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны қаржыландыруға 276,672 млн теңге бөлінген.
Жобаның уақытылы жүзеге асырылуы партиялық бақылау комиссиясы бақылауында болатындығы ескертілді.
