Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазАзот" ЖШС ұжымымен кездесу

"Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткерЕділ Жаңбыршин, қалалық депутаттықа үміткерлерМуратбек Дощанов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан "ҚазАзот" ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер қызметкерлерді "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ, алдағы сайлаудың маңыздылығын атап өтті. Қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдап, кейбір сұрақтарға жауап берді.

"ҚазАзот" - бұл еліміздегі аграршылар минералдық заттар ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіріс орны.

Ағымдағы жылдың қазан айында Ақтауға жұмыс сапары аясында "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "ҚазАзот" кәсіпорнына барды. Онда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың халыққа Жолдауында белгіленген ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды енгізу қажеттігі туралы айтып берген болатын. Кездесу аясында ол Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін жобалық қуатын жылына 400 мың тонна минералдық заттарға дейін ұлғайта отырып, зауытты жаңғырту жоспарланғанын жеткізді.

Кездесу соңында үміткерлер партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына әрбір қаланың, әрбір ауданның және әрбір ауылдың мәселелері енгізілгеніне тоқталып, негізгі міндеттері мен бағыттары барын да айтты. Осыған орай қызметкерлерді сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

ҚазАзот" ЖШС ұжымымен кездесу - Yvision.kz