Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Қазавтожол "ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының БҚО филиалының басшылығына қатысты аяқт қылм іс

2021 жылғы 30 наурызда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы мен "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚФ (бұдан әрі-Филиал) басшылығының қатысуымен ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген "Қазавтожол "ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты аяқталған қылмыстық іс бойынша ұсыным онлайн режимде қаралды.

Филиал басшылығы тарапынан Республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Самараға)-Шымкент "196 км" автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан - Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеу объектісі бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталмағанын ескере отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алайда қылмыстық істі тергеу барысында бюджет қаражатын игеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсынымдар әзірленді, оның ішінде:

- орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында орындалған жұмыстарды көзбен шолып белгілеу үшін бейнеаппаратураны міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету;

- бюджет қаражатын бөлу мен жұмсаудың ашықтығын арттыру мақсатында, орындалған жұмыстар актісіне "сырттай" қол қою практикасын алып тастай отырып, ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс жұмыстарын қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жұртшылықты тарту практикасын енгізу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құру туралы мәселені қарастыру;

- қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін "1424" Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

1
0
383

Осы тақырып бойынша

"Қазавтожол "ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының БҚО филиалының басшылығына қатысты аяқт қылм іс - Yvision.kz